1.1. Cайт – Интернет желісіндегі компьютерлер арасындағы байланыс үшін қолданылатын техникалық құралдар арқылы ортақ мақсатқа біріктірілген ақпарат пен деректерді көпшіліктің қарауы үшін жариялауды қамтамасыз ететін компьютерлерге арналған бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы. Сайт Интернетте canephron.kz мекенжай бойынша орналасқан.
1.2. Сайт(тар) – келесі сайттар, соның ішінде (бірақ олармен шектелмей): sinupret.kz, tonsilgon.kz, bronchipret.kz, canephron.kz, mastodynon.kz, klimadynon.kz.
1.3. Сайт «Бионорика КАЗ» тарататын ақпаратты пайдаланушылар болып табылатын жеке тұлғалардың мүдделерін біріктіруге бағытталған.
1.4. Пайдаланушы – Сайтқа Интернет арқылы кіру мүмкіндігі бар, Сайтты өз мәселелері мен сұрақтарын шешу үшін пайдаланатын және Пайдаланушы келісімінің шарттарын қабылдаған тұлға.
1.5. Заңнама - Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, 21.05.2013 ж. № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» атты Қазақстан Республикасының Заңы, жеке деректерді қорғау саласындағы нормаларды қамтитын өзге де заңдар, сондай-ақ олардың негізінде әрекет ететін заңға тәуелді актілер.
1.6. Дербес деректер – Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тікелей немесе жанама түрде сәйкестендірілген немесе сәйкестендірілетін жеке тұлға – Пайдаланушыға (де