Табиғи өсімдік тектес құрамды

4 емдік әсер1

Бірнеше дәрілік түрі бар

Несеп шығару жолдарының қабынуында қолданылады


Фитониринг концепциясы
Канефрон® форте: үш өсімдік компоненті
Канефрон® форте құрамына алтын толғақшөп шөбі, дәрілік сүйментамыр тамырлары және гүлшетен жапырақтары кіреді — әр компоненттің мөлшері бір таблеткада 36 мг-нан. Өсімдік шикізаты классикалық Канефрон® Н-мен салыстырғанда екі есе көп мөлшерде ұсынылған, сондықтан бір қабылдағанда форте препаратының бір ғана таблеткасын қабылдау қажет.
Канефрон® форте не үшін қолданылады және бұл түрінің ерекшелігі неде?
Канефрон® форте урологияда не үшін қолданылады? Препарат несеп шығару жолдарының қабыну ауруларын (цистит, пиелонефрит) кешенді емдеу құрамына енгізіледі, сондай-ақ бүйректе конкременттердің түзілуінің алдын алу үшін қолданылады. Қажет болған жағдайда фитопрепаратпен емдеуді антибактериалды дәрілермен біріктіруге болады.
Бұл түрінің басты ерекшелігі — қабылдау сызбасының ыңғайлылығы: ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерге таңертең, күндіз және кешке бір таблеткадан тағайындалады.
Егер белгілер күшейсе немесе бірнеше күн ішінде азаймаса, дәрігермен кеңесу қажет. Медициналық бақылаусыз Канефрон® форте препаратын екі аптадан ұзақ қабылдауға болмайды.
Сұрақ-жауап
Жиі қойылатын сұрақтарға қосымша жауаптар сайт мәзіріндегі сілтемеде
Канефрон® форте туралы пікірлердің көпшілігінде препаратты қабылдаудың ыңғайлылығы атап өтіледі, себебі оның құрамындағы белсенді компоненттердің мөлшері кәдімгі түрімен салыстырғанда екі есе жоғары, бұл препаратты күніне 1 таблеткадан қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе қосымша басқа дәрілік препараттарды немесе дәрумендерді қабылдайтын адамдар үшін өте ыңғайлы.
Канефрон® форте туралы пікірлердің көпшілігінде препаратты қабылдаудың ыңғайлылығы атап өтіледі, себебі оның құрамындағы белсенді компоненттердің мөлшері кәдімгі түрімен салыстырғанда екі есе жоғары, бұл препаратты күніне 1 таблеткадан қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе қосымша басқа дәрілік препараттарды немесе дәрумендерді қабылдайтын адамдар үшін өте ыңғайлы.
Екі нұсқаның да құрамында бірдей белсенді компоненттер болғандықтан, ауысуға болады.
Таблеткаларды тұтастай ішке қабылдап, шайнамай және бөлмей, бір стақан сумен ішу керек. Тамақ ішу препараттың тиімділігіне әсер етпейді. Емдеу курсы кезінде сұйықтықты көп мөлшерде қабылдау режимін сақтау да маңызды.
Қайдан сатып алуға болады?
Сілтеме бойынша өтіп, өзіңізге қолайлы дәріхананы таңдаңыз
Әдебиеттер тізімі
1 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті» Республикалық Мемлекеттік мекемесімен Канефрон® препаратының жалпы сипаттамасы https://register.ndda.kz/#/reestr






